Оңтүстік Қазақстан облысында 14 елді мекенге газ берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысында 14 елді мекенге газ берілді

02.12.2014
Оңтүстік Қазақстан облысында  14 елді мекенге газ берілді

Бұған дейін ағаш жарып, көмір жағып әбігерге түскен тұрғындар енді көгілдір отынның рахатын көретін болды.

Қарақай ауылдық округінде тұратын 1300 үйді  табиғи газбен қамту үшін қазынадан 850 миллион теңге жұмсалған.

Қыруар қаражат бөлінуінің  арқасында Қарақай, Сәтбаев, Қараөзек, Кетебай елді мекендері зор қуанышқа кенеліп отыр.

Дәл осындай игілікті іс Төле би ауданында да жалғасын тапты. Таулы ауданда бұл күні 10 ауылға көгілдір отын тартылды.

 

Айнұр АҚБАЕВА

Хабарламаларға жазылу