Журналистер Мемлекет басшысының сыйлығы мен грантына ие болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Журналистер Мемлекет басшысының сыйлығы мен грантына ие болды

29.06.2014
Журналистер Мемлекет басшысының сыйлығы мен грантына ие болды
Бұл дүниеде 365 күн халыққа қалтқысыз қызмет қылатын кәсіп иелері болса, олар  журналистер екен. Осы аптада тілшілер қауымы төл мерекесін атап өтті.
 
«Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің болашағы зор» деген ғой қазақтың ұлы Міржақып. Ал, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов «Газет - халықтың көзі, құлағы, һәм тілі» деді.
 
Былайғы жұрт біздерді «төртінші билік» санайды, билік пен бұқара арасындағы алтын көпірге балайды. Ол сөз негізсіз емес, егер тілшілер болмағанда, Астанадағы жаңалықты ауыл халқы қайдан естір еді, алыстағы ағайынның хал-ахуалын атқарушы билік қалай білер еді?!
 
Билік пен бизнес те кәсіби мереке кезінде журналистерді елеп-ескеруді ұмытқан емес. Сый-құрметтерін жасайды, алғыс хаттарымен қошеметтейді. Жылдағы дәстүр бойынша елдегі ақпарат саласының саңлақтары Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сыйлығы мен грантына ие болды.
 
Әділбек Жақсыбеков, ҚР Мемлекеттік хатшысы:
Елбасы отандық ақпарат құралдарына көп көңіл бөліп келеді. саланың дамуына ерекше қолдау көрсетілуде. Соның нәтижесінде Тәуелсіз еліміздің заманына сай ақпарат құралдары қалыптасты. Отандық баспасөз жаңа белеске көтерілді. Журналистер елдің экономикасын жазып көрсетуде. Елімізде қалыптастқан татулық пен берекені ойдағыдай насихаттап келеді. Бұл істе сіздердің еңбектеріңіз зор. Сіздердің ақпарат саласындағы еңбектеріңізді жоғары бағалаймыз.
 
«Жас қазақ» газетінің бас редакторы Срайыл Смайыл мен «Время» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Лев Тараков Қазақстанның ақпараттық кеңістігін дамытуға қосқан үлестері үшін Президент сыйлығымен марапатталды.
 
Ал Президенттің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы гранттары «КТК» телеарнасының Астанадағы тілшілер бюросының жетекшісі Яраслав Красиенко мен біздің әріптесіміз, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының тілшісі Жайнагүл Төлеміске берілді.
 
Журналист Елбасының алыс-жақын шетелдегі сапарларынан анық, әрі жылдам ақпарат беріп, арнайы репортаждарымен ерекше көзге түсті. Ал «Айғақ» телерадиокомпаниясы, «Қазконтент» акционерлік қоғамының шығармашылық ұжымы, «Мир» мемлекетаралық телерадиокомпаниясының Қазақстан Республикасындағы ұлттық филиалының шығармашылық ұжымы Президенттің «Алғыс хатын» алды.
 

Хабарламаларға жазылу