Сочи Олимпиадасы бүгін аяқталмақ (БЕЙНЕБАЯН) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сочи Олимпиадасы бүгін аяқталмақ (БЕЙНЕБАЯН)

23.02.2014
Сочи Олимпиадасы бүгін аяқталмақ (БЕЙНЕБАЯН)
XXII Қысқы Олимпиада ойындары да тарихтың қойнауына кетеді. Артық-кемі жоқ тура 23 күнге созылған Сочи Олимпиадасы бүгін аяқталмақ. Спорттың аты спорт, шын шыныққандар бәйге алды, ептеп дау-дамай да болды. Дегенмен, жалпы тыныш, сабырлы, салмақты ойын өтті.
 
Қазаққа бұл бәйгеден бұйырғаны - жалғыз қола. Мәнерлеп сырғанаудан екінші орын алып, қазақтың көк Туын желбіреткен Денис Тен кеше Олимпиада қалашығындағы көпшілікті тағы бір сүйсінтті.
 
Қасиетті қобыз үні сүйемелімен айдынға шыққан қазақ спортшысы жұртқа өз шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Хабарламаларға жазылу