«Туған жер» бағдарламасының мәні зор - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Туған жер» бағдарламасының мәні зор

27.10.2017

Рухани жаңғырудың «Туған жер бағдарламасын» іске асыруда алдымен ауызша тарихқа бет бұрыс жасау қажет. Алматыда бас қосқан белді ғалымдардың осыны айтты.

Олардың сөзінше, америкалық және ағылшындық тарихшылардың тәжірибесін үлгі ету керек. Мәселен, 1985 жылдан бастап шетелдік зерттеушілер өз елдері туралы фольклорларды том-том кітап етіп шығара бастаған. Соның нәтижесінде халқының да ұлттық, патриоттық сезімі қалыптасқан. Бізге де жер-жердегі көнекөз қариялардың аузынан аңызға толы әңгімелерді жүйелі түрде жазып, жарыққа шығару қажет.

 Ахмет Тоқтабай, тарих ғылымдарының докторы:

 - «Туған жер» бағдарламасының үлкен маңызы бар. Неге десең, мына біз қазақтың жалпы үлкен тарихын жаздық. Ал, енді жеке-жеке мына облыстардың, аудандардың ондағы жаңағы аудандардағы елді мекендердің, ауылдардың тарихы әлі жазылған жоқ.

Амангелді СЕЙІТХАН                                  

Хабарламаларға жазылу