Атақты Карен Армстронгтың «Құдайтану тарихы» кітабы қазақшаға аударылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атақты Карен Армстронгтың «Құдайтану тарихы» кітабы қазақшаға аударылды

19.04.2018

Жүз оқулық жобасына енген әйгілі ғалым, теолог, британдық ойшыл Карен Армстронгтың «Құдайтану тарихы» кітабы қазақ тіліне аударылды. Бүгін туындының мазмұны бір топ астаналық жастарға таныстырылды. Аудармашылар тобында болған Амантай Шәріптің айтуынша, «Құдайтану тарихы» тенденциялық бағыттағы емес, ғылыми-танымдық шығарма. Себебі, автор мұнда адамзаттың бүкіл идеяларын шоғырландыруға күш салған. Оқыған адам барлық діндердің тарихына қанығып, ақ пен қараны ажыратуға мүмкіндік алады. Мазмұны терең шығарма алғаш рет 1993 жарық көріпті. Айта өтейік, «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында биыл тағы да 30 кітап ана тілімізге аударылады.

Амантай Шәріп, филология ғылымдарының докторы:

- Бір ғана теологияның немесе философияның ауқымына шектеп қоятын кітап емес. Бұл туынды гуманитарлық мамандар үшін үлкен азық болатын дүние деп есептейміз. Ол діндердің тарихын қараған кезде әрбірін жеке-жеке бөлектеп тастамай, бір-бірімен сабақтас екенін айтты. Адамзатты Жаратушыны тануға, бірлікке, толеранттыққа, өзара түсіністікке шақыратын кітап деп бағалауға болады.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу