Академик Ғарифолла Есім Шығыс Қазақстан облысының атауын өзгертуді ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Академик Ғарифолла Есім Шығыс Қазақстан облысының атауын өзгертуді ұсынды

07.09.2018

«Шығыс Қазақстан облысының атауын «Алтын Алтай» деп өзгерту керек». «Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық конференцияда академик Ғарифолла Есім осындай ұсыныс жасады. Жиынға қатысушылар алдымен өңірдің киелі жерлеріне арналған көрмені тамашалады. Сонымен қатар, соңғы 3 жылда аймақта жүргізілген археологиялық қазбалардың нәтижелерімен танысты.Олардың ішіндегі сүбелісі - Шілікті жазығынан табылған «Алтын адамның» жаңғыртылған көшірмесі. Ал, пленарлық отырыста отандық және шетелдік ғалымдар түркі әлемінің Алтайдан бастау алған ұлы өркениеті жайында тың деректермен бөлісіп, баяндама жасады. Ал, академик Ғарифолла Есім Шығыс Қазақстан атауын «Алтын Алтай» деп өзгертуді ұсынды.

Берік КӨШЕРБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу