«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының екінші кезеңі бойынша дауыс беру басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының екінші кезеңі бойынша дауыс беру басталды

05.11.2018
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының екінші кезеңі бойынша дауыс беру басталды

Үздіктерді іріктеу процесі 2 апта бойы жалғасады. Яғни, 15 қарашаға дейін 100esim.el.kz сайтына кіріп, өзіңізге ұнаған кандидатқа онлайн түрде дауыс бере аласыз. Жалпы, жобаға 2400-ге жуық өтінім түскен. Олардың арасынан 200 үміткер іріктеп алынды. Бұл жолы жеңімпаз 100 емес, шамамен 20 ғана болады. Санға емес, сапаға басымдық берілмек. 

Думан Қожахметов, «Қазконтент» АҚ төрағасы:

- Дауысты жасанды түрде көбейтуге жол бермеу үшін арнайы команда дауыс беру процесін 2 апта бойы күні-түні бақылауда ұстайды. Жоба нәтижесі ресми түрде жарияланатын болады. 

 

Әсима

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу