Астанада «7 Жалын» жобасы жұмысын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «7 Жалын» жобасы жұмысын бастады

18.09.2018

Жобаның мақсаты - еліміздегі ең алғыр, білімді, талантты, белсенді жастарды анықтау. Оны жүзеге асыруға Қоғамдық даму министрлігі және еліміздің барлық жастар ұйымдары атсалысады. Жоба негізінен «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы «100 жаңа есім» жоба аясында дайындалған. Бірақ, бұл жобадағы іріктеу жұмыстары өте күрделі және белсенді болмақ. Өйткені, ең мықты жеті адамды анықтау үшін бәсеке жоғары болары сөзсіз. Іріктеу жұмыстары жыл соңында аяқталып, жеңімпаздар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарияланады. 

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу