Бүгін «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасында «Сенбілік шоу» кешкі сауықтыру жобасының тұсауы кесіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасында «Сенбілік шоу» кешкі сауықтыру жобасының тұсауы кесіледі

23.09.2017
Бүгін «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасында «Сенбілік шоу» кешкі сауықтыру жобасының тұсауы кесіледі

Бүгін  «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасында «Сенбілік шоу» кешкі ақпараттық-сауықтық жобасының тұсауы кесіледі.

Жоба жүргізушілері белгілі сықақшылар – Қайрат Әділгерей, Нұрлан Қоянбаев, Олжас Сыдықбек және саясаттанушы, публицист Айдос Сарым.

Бағдарламаның әр шығарылымында өткен аптаның ең өзекті жаңалықтары мен қызықты дәйектері жаңаша бағытта талқыланады. Сондай-ақ, бағдарлама барысында әлеуметтік желілердегі қоғамның ерекше қызуғышылығына ие болған видеолар мен жазбалар көрсетілетін болады. Жоба авторлары көрермендерге қазақстандық телевизиядағы ақпараттық-сауықтыру бағдарламаны жаңа форматта көрсетпек.

Бүгін сағат 20:35-те «Qazaqstan» Ұлттық арнасынан көріңіздер.

Хабарламаларға жазылу