Сібірде ормандар қасақана өртелген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сібірде ормандар қасақана өртелген

07.08.2019

Ресей Бас прокуратурасы Сібірде орманды қасақана өртеу фактісін анықтады. Тергеушілердің айтуынша, жасыл желектерге заңсыз ағаш кесудің ізін жасыру үшін от қойылған. Ал, өңір басшылары апатты жағдай туралы статистиканы бұрмалап, жалған ақпарат беріп келген.

Соның салдарынан, тілсіз жаумен күрес дер кезінде жүргізілмей, 3 миллион гектардан астам алқап жанып кетті. Бірақ, «Гринпис» экологиялық ұйымы 4,3 миллион гектар орман өртенді деп отыр. Ал, оның зияны 36 миллион автомобиль тарататын көмірқышқылды газбен тең екен. Қазір, өртті сөндіру жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр. Бас прокуратура оқиғаға жауапты адамдарды жазаға тартып, ағашты заңсыз кесу пунктерін анықтап, қатаң бақылауға алуды жоспарлап отыр.

 

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу