Йеменде полиция басқармасы алдында бомба жарылып, 51 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Йеменде полиция басқармасы алдында бомба жарылып, 51 адам қаза тапты

01.08.2019

Йеменнің Аден қаласында полиция басқармасы ғимаратының алдында болған жойқын жарылыстан қаза тапқандар саны 51-ге жетті. Тағы 56 адам жараланып, ауруханада жатыр. Бұл туралы Associated press агенттігі хабарлады. Оқиға әскери шеру кезінде болған. Сап түзеген сарбаздарға баллистикалық зымыранмен шабуыл жасалды. Қаза тапқандар ішінде саудиялық командир де бар. Айта кетсек, үкімет күштеріне Сауд Арабиясы қолдау көрсетіп жатыр. Оқиғаға жауапкершілікті хусит - көтерілісшілер өз мойнына алды. Йеменде бұл қозғалыс содырлары мен үкімет күштері арасындағы қақтығыстар 2014 жылы басталды. Ал 2015 жылы Сауд Арабиясы бастаған коалиция ел билігіне көмекке барған соң, жағдай тіптен ушыға түсті. Қазір хуситтер ел астанасы Сана мен тағы біраз аумақты өз бақылауында ұстап отыр.  

 

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу