АҚШ президенті Дональд Трамп ресейлік әріптесі Владимир Путинге Сібірдегі орман өртін сөндіруге көмек ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ президенті Дональд Трамп ресейлік әріптесі Владимир Путинге Сібірдегі орман өртін сөндіруге көмек ұсынды

01.08.2019

Мұны бүгін Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады. Ақ үй басшысымен телефон арқылы сөйлеспес бұрын Путин тілсіз жаумен күреске әскер аттандырған. Кремль басшысы мұндай шешімді Төтенше жағдайлар министрі Евгений Зиничевтің баяндамасынан кейін қабылдады. Аталған министрлік тайганы жалмап бара жатқан жалынды сөндіруге күш жетпей жатқанын мәлімдеп отыр.

Өрт 3 миллион гектарға немесе Бельгияның аумағындай жерге тарап үлгерген. Оның түтіні қазір Моңғолияның кейбір аудандарына да жетіп отыр. Экологтардың айтуынша, ормандардың көп жануы жауынды күшейтіп, тасқындарға себеп болады. Соңғы мәліметке қарағанда, Иркутск облысында 25 елді мекенді су басқан.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу