Түркияда 271 миллион доллар жасанды банкнот тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда 271 миллион доллар жасанды банкнот тәркіленді

23.07.2019

Жалған ақша Станбул баспаханаларының бірінде басылып шығарылған. Жергілікті полиция қылмыскерлікпен күрес органдарымен бірлесіп жүргізген тінту жұмыстары барысында, 100 доллар бейнеленген қағаз бумаларын анықтады. Ал бұл әрекетті жүзеге асырып келген 5 адам қамауға алынды. Олардың біреуі бұрын полицияда қызмет істеген. Алайда, «заңсыз топқа мүшелік етті» деген айыппен жұмыстан шығарылған екен. Құзырлы органдардың хабарлауынша, айыпталушылар жалған ақшаны Құрбан айт мейрамына дейін айналымға енгізбек болыпты. Қазір оқиға бойынша тергеу жүргізіліп, істің мән-жайы анықталып жатыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу