Зеленскийдің партиясы жексенбіде өтетін Парламенттік сайлауда жеңіске жетуден үмітті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зеленскийдің партиясы жексенбіде өтетін Парламенттік сайлауда жеңіске жетуден үмітті

19.07.2019

Украина жексенбіде мерзімінен бұрын өтетін парламенттік сайлауға дайындалып жатыр. Егер ел президенті Владимир Зеленскийдің «Слуга народу» партиясы жеңіске жетсе, мемлекет басшысы үкіметті тағайындап, ел саясатын анықтауға мүмкіндік алады. Сондықтан Зеленский Жоғарғы Рададан көбірек жақтас жинаудан үмітті.

Сайлауалды сауланамаға сәйкес, президент партиясы 49,5 пайыз дауысқа ие болуы мүмкін. Сонымен қатар, тағы 4 партия парламенттен өз орнын алады деп болжанған. Олардың ішінде Юрий Бойконың «Опозиційна платформа — За життя» партиясы, Петр Порошенконың «Европейська солідарність», Юлия Тимошенконың «Батьківщина» және «Океан Эльзы» тобының әншісі Святослав Вакарчуктың «Голос» партиясы бар.

Сайлау мажоритарлық-тепе-теңдік жүйесі бойынша өтпек. Ал парламенттің жаңа құрамы шілденің 21-нен бастап қызметіне кіріседі.

 

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

 

 

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу