Парижде Бастилияны алу күніне орай ұйымдастырылған әскери парад наразылық шеруіне ұласты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парижде Бастилияны алу күніне орай ұйымдастырылған әскери парад наразылық шеруіне ұласты

15.07.2019

Парижде Бастилияны алу күніне орай ұйымдастырылған әскери парад «Сары кеудешелер» шеруіне ұласты. Наразылық акциясына шыққан жұрт жолдарды бөгеп, көшелерге от қойып, Елисей алаңына бет алған. Оларды тоқтатпақ болған тәртіп сақшылар көз жасаурататын газ бен таяқ қолданды. Жаппай тәртіпсіздіктерден кейін 170-тен астам адам тұтқындалған.

Айта кетсек, «Сары кеудешелер» қозғалысы Францияда 2018 жылдың 17 қарашасында басталды. Алғашында жанар-жағармай бағасының өсуіне наразылық білдірген жұрт кейін елдегі әлеуметтік жағдайға көңілі толмайтынын білдіріп, биліктің отставкаға кетуін талап етті.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


 

Хабарламаларға жазылу