Гавайи аралында 12 мың шақырым орман алқабы өртеніп, мыңдаған тұрғын эвакуацияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гавайи аралында 12 мың шақырым орман алқабы өртеніп, мыңдаған тұрғын эвакуацияланды

12.07.2019

 АҚШ-тың Гавайи штатында ірі орман өртінен соң жергілікті билік тұрғындарды эвакуациялап жатыр. Апатқа байланысты Мауи аралында төтенше жағдай жарияланды.

Бейсенбі күні таңертең басталған өрт 12 мың шақырым алқапты шарпып үлгерген. Аспанға көтерілген қою түтіннен адамдар тыныс тарылып, дем алу мүмкін емес дейді. Өрт салдарынан қауіпті аудандарда автокөлік жолдары жабылды. Сондықтан жергілікті билік бірқатар елді мекенмен байланыс үзіле ме деп қауіптеніп отыр. Тілсіз жаумен күресу үшін өрт сөндірушілер мен арнайы техника жұмылдырылды. Ал эвакуацияланған тұрғындар қауіпсіз жердегі арнайы орталықтарға жайғастырылды. 

 

 

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ 

Хабарламаларға жазылу