Украинада тамыздың 24-дегі Тәуелсіздік күнінде әскери шеру болмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинада тамыздың 24-дегі Тәуелсіздік күнінде әскери шеру болмайды

10.07.2019

Ел президенті Владимир Зеленский осындай шешім қабылдады. Оның айтуынша, мерекелік парад – "даңғазалық, әрі тым қымбат". Сондықтан оған жұмсалатын қаражатты әскерилерге сыйақы ретінде беру ұйғарылды. Ол үшін бюджеттен шамамен 12 миллион доллар бөлінбек. Дегенмен, Зеленский Тәуелсіздік күні бәрібір тойланатынын, алайда ол жаңа үлгіде болатынын айтты.

Бұл шешімге байланысты халық пікірі екіге жарылды. Бірі тосын жаңалықты қуана қабылдап, қолдау білдірсе, екіншілері әскери шеру сарбаздарға тағзым екенін айтып, оны алып тастауға қарсылық білдіріп отыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу