Таиландта су тасқынының салдарынан жүздеген адам эвакуацияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таиландта су тасқынының салдарынан жүздеген адам эвакуацияланды

05.07.2019

Таиландта «Мун» тропикалық дауылынан су тасқыны басталып, жүздеген адам эвакуацияланды. Нөсер жауыннан теңіз арнасынан тасып, 4 метрлік бөгет бұзылған. Соның салдарынан жақын маңдағы үйлер зардап шекті. Тұрғындардың айтуынша, небәрі бес минут ішінде су белуардан келетін деңгейге көтеріліпті. Сондықтан адамдарды құтқару үшін қайық пен арнайы техника қолдануға тура келді.

Бұған дейін «Мун» Қытайдың оңтүстік аймақтарына да соққы беріп, онда төтенше жағдай жарияланды. Күшті жел мен нөсер жауыннан жолдар жабылып, 30-дан астам әуе рейсі доғарылған. Сағатына 14 шақырым жылдамдықпен жылжып бара жатқан дауыл енді Вьетнамға да қауіп төндіріп тұр.

 

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу