Ресей президенті Владимир Путин Рим Папасымен кездесуге осымен үшінші рет кешігіп барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей президенті Владимир Путин Рим Папасымен кездесуге осымен үшінші рет кешігіп барды

05.07.2019

Мұны «Инфтерфакс» хабарлап отыр. Агенттіктің дерегінше, католиктер дінбасы Франциск өз сарайында Кремль басшысын 30 минут бойы күткен. Ал, екіжақты келіссөздер белгіленген уақыттан 45 минут кейін басталды. Онда Украина мәселесін талқылау жоспарланды. Бұл – Ватикан мен Мәскеу арасындағы ең күрделі проблема.

 

Путин 2013 жылы понтификпен алғашқы кездесуге 50 минут, 2015 жылы 1 сағатқа кешіккен. Мұның себебі әзірге белгісіз. Ал, бүгін Рим Папасы украиналық католиктермен жүздесіп, олардың еліндегі дағдарысты талқылайды.

 

Кейбір расталмаған мәліметтерге қарағанда, Франциск Ресейге бірінші рет сапар шегуді жоспарлап отыр.

 

Арыстан РЫСБЕК

 

Хабарламаларға жазылу