Ресей президенті Владимир Путин су асты қайығындағы өрттің себебін тергеуге бұйрық берді

03.07.2019

Бұл туралы мәлімдемені ол қорғаныс министрі Сергей Шойгумен өткен кездесуде жасады. Оқиғадан 14 теңізші мерт болды. Кремль басшысы министрге апатқа ұшыраған қайық тұрған Баренц теңізіне барып, өрттің себебін анықтап, ол туралы есеп беруді тапсырды.

РБК-ның хабарлауынша, су асты қайығында ядролық қару болса керек. Алайда, Ресей үкіметі бұл ақпаратқа қатысты әзірге түсініктеме бермей отыр.

Қайық теңіз түбінде зерттеу жүргізу кезінде өртенген. Түтіннен уланып қайтыс болған 14 адамның ішінде бірінші рангтағы жеті капитан мен Ресейдің екі батыры бар.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу