Ресейдің Иркутск облысында алапат су тасқынынан бес адам қаза тауып, жүздеген тұрғын зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдің Иркутск облысында алапат су тасқынынан бес адам қаза тауып, жүздеген тұрғын зардап шекті

01.07.2019

Метеорологтар ауа-райының әлі жақсармайтынын хабарлап отыр.

Соңғы мәліметке қарағанда, 53 елді мекенде 4200-ге жуық үйді су басқан. Оларда шамамен 10 жарым мыңдай адам тұрады. Сонымен қатар, мыңдаған гектар егін алқабын да су шайып кетті.

Жалпы алғанда, бес ауданды топан жайлады. Қазір құтқару операциялары жалғасып жатыр. Иркутск басшылығына аймақта төтенше жағдай режимін жариялады. Алдағы сағаттарда жергілікті өзендердің суы тағы көтеріледі деген болжам бар.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу