Норвегияда дәстүрлі Осло форумында халықаралық қауіпсіздік мәселелері талқыланды

19.06.2019

2003 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан басқосудың басты мақсаты – халықаралық қауіпсіздік мәселелерін талқылап, шешу жолдарын қарастыру.

Әлемнің 15 елінің жоғары лауазым өкілдері шақырылған форумға Қазақстан атынан еліміздің Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко қатысып жатыр.

Сириядағы ахуалды талқылауға арналған форумда вице-министр осы мәселеге қатысты қазақ Үкіметінің атқарып жатқан шараларын баяндады.

Халықаралық қауымдастық Қазақстанның Сирия мәселесін реттеуге арағайындық етуін және елдегі ахуалды жақсартуға қосқан үлесін жоғары бағалауда.

«Жусан» операциясының арқасында қауіпті аймақтан азаматтарын құтқарып, аман-есен елге жеткізуін де үлкен жетістік»,-дейді шетелдік сарапшылар.

Форум ертең де жалғасады.

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу