Италияның Сардиния аралында шегіртке қаптап, егін алқаптарын жалмап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италияның Сардиния аралында шегіртке қаптап, егін алқаптарын жалмап жатыр

12.06.2019

Бұл – жәндіктердің соңғы 70 жылдағы ең ірі шабуылы. Дәнді дақылдардың қауіпті жауы 2000 гектар алқапты құртып үлгеріпті. Және де олар малға арналған жем-шөпті де жалмауға кіріскен.

Сондықтан, жергілікті диқандар мен фермерлер биылғы өнімнің ойдағыдай болатынына алаңдаушылық білдіріп отыр.

Шегірткелер бір айдың ішінде көбейіп, алқаптармен қатар тұрғын үйлерді да шабуылдап жатыр. Ал, жергілікті билік олармен күресудің жолын таппай отыр.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу