Солтүстік Кореяда адамдарды халық алдында өлім жазасына кесетін 318 полигон табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Кореяда адамдарды халық алдында өлім жазасына кесетін 318 полигон табылды

12.06.2019

Мұны Оңтүстік Кореядағы Әділет жұмыс тобы мәлімдеп отыр. Оның қызметкерлері бұл орындарды анықтау үшін, көрші елден қашқан 610 адамнан сұқбат алған.

Кореялық үкіметтік емес ұйымның зерттеу бөлімінің басшысы Сара Сонның айтуынша, Ким Чен Ын режимі адамдарды негізінен өзендердің жағасында, егістік алқаптарының маңында, базарларда, мектептерде, стадиондарда атады.

Ең ауыр жазаға іліккендердің кейбірі – сиыр ұрлағандар, оңтүстіккореялық телесериалдарды тамашалағандар. Олардың жанының қиылғанын көруге, әдетте мыңдаған адам жиналады екен.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу