Қытай өз технологиясын қорғау үшін арнайы жүйе жасақтап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай өз технологиясын қорғау үшін арнайы жүйе жасақтап жатыр

10.06.2019

Мұны бүгін жергілікті ақпарат құралдары хабарлады. Айта кетсек, осыған дейін Құрама Штаттар бұл мемлекеттің компанияларының Америка технологиясын пайдалануына тыйым салғаны белгілі.

«Жэньминь жибао» газетінің мәліметінше, Бейжің шетелдің Қытай технологиясын қолданып, елдің дамуын шектеуіне жол бермек емес.

Өйткен айда АҚШ «Huawei» корпорациясын қара тізімге енгізді. Өйткені Вашингтонның ойынша, Қытай үкіметі бұл телекоммуникациялық компанияны шетелде барлау қызметіне пайдаланып отыр. Алайда Бейжің мұны жоққа шығарды. Содан кейін Қытай да өзге мемлекеттердің сенімсіз компаниялары туралы қара тізім жасайтынын мәлімдеді.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу