Ауғанстанға «нарко мемлекетке» айналу қаупі төніп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстанға «нарко мемлекетке» айналу қаупі төніп тұр

07.06.2019

Мұны АҚШ Конгресінің осы республиканы қалпына келтіру жөніндегі арнайы инспекторы жариялады. Америка Құрама Штаттары Ауғанстанда заңсыз есірткі бизнесімен күреске 9 миллиард долларға жуық қаражат жұмсаған. Соған қарамастан, бұл мемлекетте көкнар өсіру ондаған мың фермер үшін негізгі күнкөріс көзіне айналып отыр.

Сонымен қатар, елден АҚШ пен НАТО әскерін шығаруға күш салып жатқан «Талибан» қозғалысы да есірткі саудасынан түскен қаржыға тәуелді. Зерттеулерге қарағанда, Ауғанстан апиын өндіруден жылдар бойы әлемде бірінші орыннан көрініп келеді. Ал, жергілікті үкімет көкнар алқаптарын жоюға қаражат тапшы дейді.

Арыстан РЫСБЕК

 

Хабарламаларға жазылу