Дублинде Дональд Трампқа қарсы наразылық акциясы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дублинде Дональд Трампқа қарсы наразылық акциясы өтті

07.06.2019

Мыңдаған адам қолдарына транспаранттар мен Трамп бейнесіндегі үрлемелі шарды ұстап шықты. Ол басқа да мемлекеттерде өткен Трампқа қарсы митингтердің символына айналған. Демонстранттар АҚШ президентінің климаттың өзгеруіне қатысты ойын, Мексика мен Палестина тұрғысындағы әрекеттерін сынады.

Айта кетсек, Ақ үй басшысы елге іссапармен барып, өзіне тиесілі гольф-қонақүйде тоқтаған. Шерушілер оның аумағында жүргізілуі тиіс ландшафтылық жұмыстардан да бас тартуға шықырып отыр. Мұндай наразылық акциялары ел астанасымен қатар, тағы бірнеше қалада өтіп жатыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу