АҚШ-та оқу-жаттығу кезінде бір сарбаз қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та оқу-жаттығу кезінде бір сарбаз қайтыс болды

07.06.2019

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы әскери академияда бір сарбаз қаза тауып, 22-сі жараланды. Оқиға оқу-жаттығу әрекеттері барысында болған. Курсанттар отырған тактикалық көлік орманды алқапта аударылып қалды. Сарбаздардың кейбіреуі жеңіл жараланса, кейбіреуінің қолы сынған. Дегенмен дәрігерлер олардың өміріне қауіп төніп тұрмағанын айтады. Оқиғаға не себеп болғаны әзірге белгісіз. Істің мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Пентагонның хабарлауынша, өткен жылы оқу-жаттығу барысында 16 америкалық сарбаз қаза тапқан. Сондықтан билік әскери дайындық процесін жіті қадағалап, қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу