АҚШ-тың Техас штатында заңсыз мигранттар отырған көлік апатқа ұшырап, 6 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Техас штатында заңсыз мигранттар отырған көлік апатқа ұшырап, 6 адам қаза тапты

06.06.2019

Тағы бесеуі ауыр жараланды. Полицияның айтуынша, машинада шамадан тыс жолаушы отырған. Тәртіп сақшылары оны тоқтатпақ болғанда, жылдамдықты арттырып, ізін суытыпты. Алайда көп ұзамай, жүргізушінің көлікті басқара алмауынан, автомобиль жол шетіндегі арыққа құлады.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, қаза тапқандардың барлығы – Сальвадордан. Ал, қалған мигранттар – Гватемала, Гондурас, Мексика азаматтары. Полиция істің мән-жайы анықталған соң, оларға тиісті шара қолданылатынын мәлімдеді.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу