«Фиат Крайслер» компаниясы француздың «Реносымен» бірігу туралы ұсынысын қайтып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Фиат Крайслер» компаниясы француздың «Реносымен» бірігу туралы ұсынысын қайтып алды

06.06.2019

Италиялық-америкалық концерн өкілдерінің сөзінше, 35 миллиард долларлық келісімнің жүзеге аспауына француз үкіметі кінәлі. Бұған дейін ресми Париж «Фиат-Крайслерден» екі компания қосылған жағдайда, «Реноның» зауыттарын жаппауды және адамдарын жұмыстан қысқартпауды талап еткен.

Олар біріккенде, жылына 8,7 миллион автомобиль шығарып, «Дженерал Моторсты» басып озып, әлемде көлік жасаудан «Фольксваген» мен «Тойотадан» кейінгі үшінші ірі автоконцернге айналар еді.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу