Чехияда халық үкіметке қарсы ауқымды шеруге шықты

05.06.2019

Олар ел Премьер-Министрі Андрей Бабиштің қызметтен кетуін талап етіп отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Вацлав алаңына 120 мыңдай адам жиналған. Олар үкімет басшысына қарсы сәуірдің соңынан бері шерулетіп жатыр.

Саясаткер Еуропалық Одақтан он жыл бұрын 2 миллион еуро мөлшерінде заңсыз субсидия алды деп айыпталуда. Ол қомақты қаржыны жеке бизнесін жүргізу үшін жұмсаған. Дегенмен, Бабиш тағылған айыптарды жоққа шығарып, істі оған қарсы жасалған саяси айла деп отыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу