Дональд Трамптың Лондонға мемлекеттік сапары жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дональд Трамптың Лондонға мемлекеттік сапары жалғасуда

04.06.2019

АҚШ президенті Дональд Трамптың Лондонға мемлекеттік сапары жалғасып жатыр. Ол жұбайы Меланиямен бірге Елизавета ІІ патшайыммен кездесіп, Букингем сарайында өткен салтанатты кешке қатысты.

Ақ үй таратқан мәлімдемеге қарағанда, бұл сапардың бір мақсаты – Британиямен экономикалық байланыстарды жақсартып, онымен сауда келісімін жасау. Кейбір сарапшылардың пікірінше, Ұлыбритания Еуропа одағынан шыққаннан кейін әлемнің бес ірі экономикалық державасының қатарына кіретін – Құрама Штаттар мен Біріккен Корольдік сауда қатынастарын тіпті кеңейтіп, одан үлкен пайда көруді көздеп отыр.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу