Колумбияда «Томатина» фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Колумбияда «Томатина» фестивалі өтті

03.06.2019

Колумбияның Сутамарчан қаласында «Қызанақтармен атысу» фестивалі өтті. «Томатина» деп аталатын дәстүрлі шараға жергілікті тұрғындармен қатар, туристер де көптеп барған. Олар алаңға үйілген қызанақтарды бір-біріне лақтырып, атысты. Талап бойынша қатысушылардың үстіндегі ашық түсті киім қызыл түске боялуы тиіс.

Бұл өңір қызанақтарды көп өсіретіндігімен танымал. Сондықтан фермерлер көкөністерді жинау маусымының аяқталуына орай осындай мерекелік шара ұйымдастырады. Олардың айтуынша, фестивальге жарамсыз болып қалған, тағамға қолдануға келмейтін өнімдер ғана пайдаланылады. Ал, фестивальге қатысқан адамдар балаша қуанып, мерекенің қызықты өткенін атап өтті.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу