Қазақ экономикасын дамытуға польшалықтарда үлес қосады

21.11.2014
Қазақ экономикасын дамытуға польшалықтарда үлес қосады

Қазақ экономикасын дамытуға польшалық кәсіпкерлер де үлес қоспақ. Бүгін Сыртқы істер министрлігінде экономикалық байланыстар жөніндегі Қазақ-Польша үкіметаралық комиссиясының отырысы өтті.

Жиында поляк кәсіпкерлеріне Қазақстанда бизнес үшін қандай қолайлы жағдай бар, қай салада кәсіп ашқан тиімді деген сауалдарға жауап берілді. Осы басқосуда, Астана мен Варшава арасын әуе жолы арқылы жалғау мәселесі сөз болды.

Екі елдің бизнесмендері бірнеше ай визасыз жүріп-тұруға мүмкіндік алса деген тақырып та көтерілді. Бизнесмендер, екі жақтың экономикалық байланысын мықтауға поляк диаспорасының үлесі орасан десті.

Осындағы диаспора өкілдері польшалық инвесторларды елге тартуда немесе керісінше, қазақ кәсіпкерлеріне Варшавада кәсіпорын ашуларына көп көмегі тиер еді дегенді айтты.

Хабарламаларға жазылу