АҚШ-тың орталық-батыс аймақтарында торнадо басылар емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың орталық-батыс аймақтарында торнадо басылар емес

29.05.2019

Оның соққысынан кемінде 130 тұрғын зардап шегіп, 81 жастағы ер адам қаза тапты. Соңғы мәліметке қарағанда, бір Канзастың өзінде 20 құйын көтерілген. Дауылдатып соққан жел үйлерді қиратып, ағаштарды тамырымен жұлып, электр бағандарын құлатқан. Қазір Оклахома штатында 68 мыңдай үй жарықсыз отыр. Тазалағыш станциялар істен шыққандықтан, жергілікті басшылық халыққа ауыз суды артығымен алып қоюға кеңес берді.

Бірнеше штатта табиғи апаттың зардабын жоюға Ұлттық Гвардияның жауынгерлері тартылып отыр.

Кейінгі екі аптада метеорологтар елде 300-ден астам торнадо тіркеген. Ал, Арканзас пен Оклахомада дауылдардың соңы алапат су тасқынына ұласады деген болжам бар.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу