Италияда жол апатынан зардап шеккен 2 отандасымыз арнайы ұшақпен Қазақстанға жеткізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италияда жол апатынан зардап шеккен 2 отандасымыз арнайы ұшақпен Қазақстанға жеткізіледі

29.05.2019

Естеріңізде болса, өткен аптада Сиенна қаласында 50-ге тарта турист отырған автобус аударылған. Оның ішінде Қазақстанның 9 азаматы болды. Жеңіл жарақаттанып, қажетті ем-домын алған 7 отандасымыз 26 мамыр күні Қазақстанға оралды. Қазіргі таңда Сиенна қаласының ауруханасында екі жерлесіміз жатыр. Олар 70 және 67 жастағы екі әйел адам. Біреуінің қабырғасы, ал екіншісінің омыртқасы сынған. Жағдайлары – орташа деңгейде ауыр. Италиялық дәрігерлермен кеңесе келе, туған-туыстары емдік шараларды Қазақстанда жалғастыруды шешкен. Ертең санитарлық авиацияның арнайы ұшағымен олар Алматыға тікелей жеткізіледі.

Гаухар Бисарина, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы: 

Санитарлық авиация борты – дайын. Жоғары деңгейдегі медициналық персонал болады. Сондай-ақ, тасымалдаумен қатар мобильді бригада санитарлық авиацияның мониторинг жүргізеді. Жағдайын жіті қадағалайды.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу