АҚШ-тың Оклахома штатына торнадо соққы берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Оклахома штатына торнадо соққы берді

22.05.2019

АҚШ-тың Оклахома штатына 14 торнадо соққы беріп, су тасқыны жайлады. Абырой болғанда қаза тапқандар жоқ. Дегенмен, қолайсыз ауа райынан миллионнан астам тұрғын зардап шегіп отыр. Жылдамдығы сағатына 120 шақырымға жететін күшті дауыл мен нөсер жауыннан үйлер қирап, көшелерді су шайып кетті. Аяқ астынан болған табиғи апаттан тұрғындар үйлерінен шыға алмай қалған. Сондықтан құтқарушылар оларды эвакуациялап, қауіпсіз жерге көшіріп жатыр.

Синоптиктердің хабарлауынша, дауыл енді Техас, Луизиана, Алабама, Айова және Небраска штаттарына ығысып, бұл өңірлердегі 2 миллиондай тұрғынға да қауіп төндіріп тұр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу