Литвада президент сайлауының екінші туры өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Литвада президент сайлауының екінші туры өтеді

13.05.2019

Литвада президент сайлауының екінші турында Гитанас Науседа және Ингрида Шимоните кездеседі. Жексенбі күні өткен тартыста үміткерлердің ешқайсысы қажетті дауысты жинамаған. Сондықтан, екінші айналымды өткізу туралы шешім қабылданды.

44 жастағы Шимоните - елдің бұрынғы қаржы министрі, ал 54 жастағы Науседа алдыңғы қатарлы банктердің бірінде экономист қызметін атқарған. Қос үміткер енді мамырдың 26-на жоспарланған сайлауда бақ сынасады. Ал, елдің қазіргі премьер-министрі Саулюс Сквернялис келесі кезеңге өтпегендіктен, 12 шілдеде қызметінен кететінін жариялады.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу