Стамбулда жүздеген адам сайлауды қайта өткізуге қарсы шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Стамбулда жүздеген адам сайлауды қайта өткізуге қарсы шеруге шықты

13.05.2019

Түркия Орталық сайлау комиссиясының шешіміне қарсы жүздеген адам Стамбулда наразылық акциясына шықты. Олар қаладағы сайлауды қайта өткізуге қарсы. Шерушілердің айтуынша, ел президенті Реджеп Тайып Эрдоғанның партиясы жеңілісті мойындауға дайын емес.

Сондықтан, екінші мәрте бақ сынап көрмек. Дегенмен, халық мұны демократияның белгісі емес деп отыр. Айта кетсек, наурыздың 31-де өткен сайлауда оппозиция өкілі Экрем Имамоғлы жеңіске жетіп, қала мэрі атанған еді. Алайда, сайлау комиссиясы жемқорлыққа жол берілді деп, нәтижелерді жоққа шығарды.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу