В.Путин: Қос азаматтықтан ресейліктер де, украиналықтар да ұтылмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

В.Путин: Қос азаматтықтан ресейліктер де, украиналықтар да ұтылмайды

30.04.2019

Ресей президенті Владимир Путин қос азаматтықтан ресейліктер де, украиналықтар да тек ұтады деп мәлімдеді. Айта кетсек, сәуірдің 24-інде Кремль басшысы Донецк және Луганск тұрғындарына Ресей азаматтығын беруді жеңілдету туралы жарлыққа қол қойған еді. Бірнеше күннен соң ол мұндай азаматтықты Украинаның барлық тұрғындарына беру мәселесін қарастыратынын айтты.

Бұған жауап ретінде, Украинаның сайланған президенті Владимир Зеленский ресейліктерге де өз елінің төлқұжатын беруге дайын екенін атап өтті. Путиннің пікірінше, бұл әрекеттерден бауырлас елдердің достығы нығайып, жағымды салдары көп болады.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу