Гондураста халық жаңа реформаларға қары шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гондураста халық жаңа реформаларға қары шықты

30.04.2019

Гондурас астанасында үкіметке қарсы өткен шерудің соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласып, кемінде 5 адам жараланды. Шерушілер ел президенті Хуан Орландо Эрнандес қабылдаған заңға қарсы. Жаңа реформа бойынша, білім және денсаулық сақтау жүйесі жекешелендіріліп, жұмыс орындары қысқаруы мүмкін. Бұл халықтың ашуын тудырды. Наразы жұрт көшелерге от қойып, бірнеше ғимаратты өртеп жіберген. Сонымен қатар, ғимараттардың әйнектерін шағып, полицияға тас лақтырды. Оларға қарсы тәртіп сақшылары көз жасаурататын газ қолданып, халықты күшпен таратуға тура келген. Дегенмен, билік шерушілердің айыптарын жоққа шығарып, жұмыс орындары қысқартылмайды деп отыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу