Суданның Хартум қаласында жүздеген мың адам шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Суданның Хартум қаласында жүздеген мың адам шеруге шықты

26.04.2019

Олар билік басына келген өтпелі әскери кеңеске қарсылық білдіріп, азаматтық басқаруды талап етіп отыр. Шеруді елдің кәсіби судьялар қауымдастығы ұйымдастырған. Олар қазіргі үкіметтің саясатын құптамай, наразылық акцияларына шығуға халықты белсенді шақырып жатыр.

Айта кетсек, Суданда елді 30 жыл басқарып келген Омар әл-Баширдің саясатына қарсы халық бірнеше шеруге шыққан соң, ол қызметтен кетуге мәжбүр болған еді. Дегенмен, оның орнына келген әскери кеңеске де халықтың көңілі толмай, толқулар әлі де басылмай тұр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу