Лондонда шерушілер қор биржасы ғимаратын бөгеп тастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лондонда шерушілер қор биржасы ғимаратын бөгеп тастады

25.04.2019

Лондонда эко-белсенділер наразылық акцияларының соңғы күнінде қор биржасы ғимаратын бөгеп тастады. Олар қолдарына «Шындықты айт!» және «Ақшаны жей алмайсың!» деген ұрандар ұстаған.

Сонымен қатар, шерушілердің біразы Канэри-Уорф станциясында пойыздың үстіне шығып, экология мәселесіне биліктің назарын аударуға тырысты. Олардың ішінде 83 жастағы қария да бар. Климат жанашырлары үкіметтен қоршаған ортаның ластануына қарсы шара қолданып, жаһандық климат дағдарысымен күресуді талап етіп отыр. Корольдік астанасында он күнге созылған шерулер жаппай тәртіпсіздіктерге де ұласты. Сонымен қатар, демонстранттар көшелерді бөгеп, көлік қозғалысына кедергі келтірген. Полицияның хабарлауынша, наразылық акциялары басталғаннан бері Лондонда мыңнан астам адам тұтқындалған.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу