Владимир Путин Ким Чен Ынмен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Владимир Путин Ким Чен Ынмен кездесті

25.04.2019

Ресейдің Владивосток қаласында бүгін президент Владимир Путин мен Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынның алғашқы саммиті өтіп жатыр. Екі мемлекеттің басшылары Қиыр Шығыс Федералдық университетінде кездескен. «Рейтердің» хабарлауынша, осы басқосу нәтижесінде Пхеньян экономикасын күйретіп жатқан халықаралық санкцияларды жеңілдету үшін Ресейден көмек алудан үмітті. Ал, Кремль үшін бұл саммит - жаһандық дипломатиялық ойыншы екенін паш ететін мүмкіндік.

Ким өз сөзінде Ресей президентімен кездесу Корей түбегіндегі мәселелерге бірлесе баға беріп, ұстанымдарын үйлестіруге көмектесетініне сенім білдірді. Ал, Кремль басшысы Солтүстік Кореяның АҚШ-пен арадағы қарым-қатынастарын жақсартуға бағытталған әрекеттерін қолдайтынын мәлімдеді.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу