Украинадағы президенттік сайлау: Зеленский жеңіске жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинадағы президенттік сайлау: Зеленский жеңіске жетті

22.04.2019

Украинада өткен президент сайлауының екінші турынан кейін алдын ала есеп бойынша Владимир Зеленский алда келеді. Орталық сайлау комитетінің хабарлауынша, ол 73,2 пайыз дауыс жинаған. Ал, оның қарсыласы Петр Порошенко үшін украиналықтардың 25,3 пайызы дауыс берді. Зеленский өзіне сенім білдірген барлық адамдарға алғыс айтып, үміттерін ақтауға уәде беріп отыр. Порошенко халық таңдауын қабылдап, бәсекелесін құттықтайтынын айтты. Дегенмен, ол жеңіліске қарамастан, саясаттан кетпейтінін білдірді. Жексенбі күні өткен сайлаудың ресми қорытындысы мамырдың 1-не дейін белгілі болады. Ал, Украинаның жаңа президенті 3 маусымда қызметіне кірісуі тиіс.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу