Парижде климаттың өзгеруіне қарсы шеру өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парижде климаттың өзгеруіне қарсы шеру өтуде

19.04.2019

Парижде климаттың өзгеруіне қарсы шерушілер халықаралық компанияларға баратын жолдарды бөгеді. Осылайша, олар мұнай  корпорацияларына наразылық білдіріп жатыр. Айтуларынша, «қара алтын» өндірісі жаһандық климаттың жылынуына әкеп соғып, экологияға зиян келтіріп жатыр. Белсенділер президент Эммануэль Макронның суреті салынған үлкен плакатқа «Макрон, ластаушылардың президенті» деп жазып, оны бір ғимараттың қабырғасына жабыстырып қойған.

Оларды тарату үшін полицейлер бұрыш шашатын баллон қолданды. Дегенмен, наразылық акциясы әлі тоқтаған жоқ. Айта кетсек, Ұлыбританияда да климат жанашырлары үшінші апта шерулетіп жатыр. Олардың билікке қояр негізгі талаптары  - климаттық және экологиялық төтенше жағдай жариялап, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шұғыл жоспар дайындау.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу