Ұлыбритания астанасында эко-белсенділер ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбритания астанасында эко-белсенділер ұсталды

19.04.2019

Ұлыбритания астанасында қоршаған ортаның ластануына қарсы күресіп жатқан 400-ден астам адам ұсталды. Демонстранттар бейсенбіде Воксхолл көпірінде шеру ұйымдастырып, оның көлік жүретін бөлігін жауып тастап, көпір бойына «Өмір немесе өлім» деген жазуы бар плакат іліп қойған. Бірақ, құқық қорғаушылар араласып, наразылық акциясын таратып жіберді.

Экология белсенділері сонымен бірге қаладағы Мәрмәр арка, Парламент алаңы, Оксфорд-Серкус қиылысы мен Ватерлоо көпіріндегі көлік қозғалысын жауып тастаған. Климат жанашырлары осымен үшінші апта қатарынан шерулетіп жатыр. Олар үкіметтен елде климаттық және экологиялық төтенше жағдай жариялауды, бұл мәселеге қатысты шұғыл жоспар дайындауды талап етуде

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу