Ресей мен Орталық Азия елдеріндегі экстремистік идеология мәселелері талқыланды

17.04.2019

«Жастар арасындағы  экстремистік пиғылдардың пайда болуының негізгі ерекшеліктері. Бұл жаман әдетпен күресуде жастардың әлеуетін қалай қолдану керек?». Елордадағы Еуразия Ұлттық университінде  осы тақырыпқа арналған халықаралық жастар форумы өтті. Онда Ресей мен Орталық Азия елдеріндегі экстремистік идеология мәселесі кеңінен талқыланды. Атап айтсақ, алдағы үш күн бойы халықаралық қатынастар мен қауіпсіздік және этносаяси сала бойынша сарапшылар жастарға дәріс оқитын болады.   

Артур Сулейманов, геосаяси зерттеулер орталығының сектор меңгерушісі (УФА):

Шараның басты мақсаты - Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан және басқа да Орталық Азия мемлекеттерінің ғалым, сарапшы өкілдерімен бірлесе отырып экстремизммен күресті жүйелеу.  Яғни, өңірдің ортақ мәселесін іргелес жатқан елдердің сарапшылары мен жастары бірге талқылайтын боламыз.

 

Дулат АБИББУЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу