Джулиан Ассанж тұтқындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Джулиан Ассанж тұтқындалды

11.04.2019

Ұлыбританияда Эквадор елшілігінде жеті жыл жасырынған Джулиан Ассанж тұтқындалды. Лондон полициясының мәлімдеуінше, ол АҚШ-қа экстрадициялау талабы бойынша ұсталып отыр.

Ал, Эквадор президенті Ленин Морено Ассанжды тәртіп сақшыларына тапсыру себебін түсіндіре отырып, оның елшілікте агрессивтік мінез көрсетіп, дұшпандық сипаттағы мәлімдемелер жасап, халықаралық конвенцияларды бірнеше рет бұзғанын атап өтті. Сонымен қатар, бұған дейін Эквадор 47 жастағы Ассанжды Мореноның жеке өмірі туралы мәлімет таратты деп айыптағанды. 

Айта кетсек, Джулиан Ассанж негізін қалаған атышулы «Викиликс» сайты 2010 жылы АҚШ әскеріне қатысты сан мың құпия құжат пен дипломатиялық пошта хаттарын бүкіл әлемге жариялап жіберді. Содан кейін Вашингтон оны жазалау жолдарын қарастыра бастады.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

 

 

Хабарламаларға жазылу