Рио-де-Жанейро қаласында нөсер жауын мен қатты дауылдан 10 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рио-де-Жанейро қаласында нөсер жауын мен қатты дауылдан 10 адам қаза тапты

10.04.2019

Сондықтан мұнда төтенше жағдай жарияланды. Дүлей желден ағаштар құлап, үйлер мен көліктер қираған. Жергілікті биліктің хабарлауынша, кейбір аудандарда жауын-шашынның мөлшері 21 сантиметрге дейін жетті. Қазір қаланың барлық аудандарында құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мектептер жабылып, тұрғындар үйде қалуға мәжбүр.

Рио-де-Жанейрода ақпанда да алапат дауыл соғып, 7 адам мерт болды.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу